Аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы Ахатов жиын-терім науқанына орай бірқатар шаруа қожалықтарды аралауда. Бұл жолы аудан басшысы Мақсат Ташматов төрағалық ететін «Мақсат» шаруа қожалығының егіс алқабына барып, еңбеккерлермен кездесті.
Кездесу барысында қожалық төрағасы биыл аймақ және аудан басшысы тарапынан ауыл шаруашылығын қолдау бағытында дер кезінде жүргізілген шаралардың нәтижесінде, егістік алқабы судан қалмай, жиын-терім науқанына шығынсыз жеткендігін айтты. Сондай-ақ, алдағы жоспарларымен бөлісті. Ал аудан басшысы қожалықтың жұмысына сәттілік тілеп, қожалық төрағасын ел ішінде еңбек еткеннен кейін ауыл-аймақты көркейту-көгалдандыру ісіне атсалысуға шақырды.
Айта кетейік, «Мақсат» шаруа қожалығы биыл 200 гектар жерге күріш дақылын еккен болатын.
Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<