Бүгін облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде дәстүрге айналған “Маржан сөз, қоңыр үн” атты концерт жүргізушілерінің облыстық байқауы өтеді.
Конкурсқа бабаларымыздың терең тәрбиесі мен тектілік тізгінін ұстап, ұлы мұраны жалғастырар жаңа толқын өнер өлкесіне қанат қаққалы тұр.
Конкурсқа бойында өнері бар Қызылорда қаласындағы арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері мен аймақ жастары қатысуда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<