Мас күйінде мотокөлік басқарған жүргізуші жауапқа тартылды

655

0

Көлік құралын басқару кезіндегі құқық бұзушылықтар өмірге өте қауіпті, адамның өмірі мен денсаулығына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін және көлік жүргізушінің өзіне ғана емес, басқа да жол қозғалысының қатысушыларына өте қауіпті.

Атап айтқанда, Қармақшы АПб-нің ЖПҚб-нің Патрульдік полиция тобының қызметкерлері жұмыс атқару барысында, ағымдағы жылдың шілде айының 19-і күні сағат 13:30 шамасында Қармақшы ауданы, Жосалы-Жалағаш тас жолы бойында «Урал» маркалы мотокөлігінің жүргізушісі азамат «Х.Э.» көлік құралын спирттік ішімдігін ішіп, алкогольді масаң күйде басқарғаның анықтады.

Мотокөлік жүргізушісен қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша хаттама толтырып, жинақталған құжаттар аудандық сотқа жолданды. Аудандық соттың қаулысымен мас жүргізушіге 7 (жеті) жылға мерзімге көлік басқару құқығынан айыру туралы әкімішілік жаза қолданылды.

Қармақшы аудандық полиция бөлімі,

Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<