Мас күйінде шомылған жігіттің денесі табылды

563

0

Қызылордалық құтқарушылар бүгін таңертең Сырдария өзенінің Тасбөгет кентіндегі бөлігінен 25 жастағы жігіттің денесін алып шықты.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова хабарлағандай, іздестіру жұмысы кеше кешкілік 9 жарымдар шамасында басталған. Қала тұрғыны жабдықталмаған жерде мас күйінде шомылған.

Оның денесін іздеп табуға жедел құтқару жасағының күші жұмылдырылды.

«Сб» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<