Масленица мерекесі басталды

318

0

Фото: Қызылорда Ассамблея

Бүгін «Достық үйінде» Cлавяне этносының дәстүрлі мерекелерінің бірі – Масленица мейрамы басталды.

Бұл қысты көңілді шығарып салу, шұғылалы көктемді, табиғаттың жаңаруын жылы қарсы алу.

Аталмыш мерекені 1999 жылдан бастап ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған облыстық Славяне этномәдени орталығының мүшелері, биылғы жылы шараны ерекше бастады. Орталыққа қонаққа облыстағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері келіп, жылы лебіздері мен құттықтауларын айтты.

Масленица мерекесі басталды
Фото. Қызылорда Ассамблея

«Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Азамат Мукеев Масленица мерекесімен құттықтап, барлық бастамаларға сәттілік тіледі.

Ал Славяне орталығының төрағасы Галина Щербакова ҚХА 30 жылдығымен тұспа-тұс келген мейрамда апта бойына атқарылатын шараларды айтып өтті.

Бірлік пен татулықты дәріптей отырып, Достық үйіндегі Славяне орталығының кабинетіне келгендердің барлығына құймақтан дәм татқызды. Сонымен бірге, бірлестік мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтап, қазақша ән шырқап, қатысушыларға көтеріңкі көңіл – күй сыйлады.

Еске сала кетейік, 2 наурыз күні Достық үйінде Масленица мерекесі кеңінен аталып өтіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<