Маулен Әшімбаев: Қазақстанда инженерлік және техникалық мамандықтар, агрономия және ветеринария сияқты салаларда мамандар тапшы

297

0

Фото: 24kz

Елімізде әрбір бесінші түлек мамандық бойынша жұмыс жасамайды. Көптеген мамандықтардың мәні алдағы уақытта концептуалды түрде үлкен өзгерістерге ұшырайды.

Бұл туралы «Еңбек адамы – ұлттық экономиканың өсуі мен ел өркендеуінің негізі» тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті.

2030 жылға дейін экономикаға 1,6 миллион маман қажет болады. Қазір 900 мың техникалық және кәсіби білімі бар маман және 430 мың жоғары білімді маман қажет. Құрылыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі және көлік салаларында да сұраныс жоғары.