Маусым айындағы ауа райы қандай?

465

0

Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында ауа райы болжамына байланысты ақпараттарды бөліскен Қазгидромет РМК облыс бойынша филиалы метеоболжау бөлімінің инженері Мағжан Сәдуақасов биыл елімізде аптап ыстық болмайтынын айтты.

– Қазақстанның басым бөлігінде шілде-тамыз айларында климаттық норма шамасында болады деп болжап отырмыз. Жазда бұрынғыдай +40+45 градус ыстық болады деп айта алмаймыз. Ауаның орташа айлық температурасы +26,9+28,9°С деп күтілуде, бұл нормадан 1°С жоғары, – деді ол.

Мамандардың айтуынша, маусым айының бірінші онкүндігінде ауа температурасы түнде +14+19°С-тан +22+27°С-қа дейін, күндіз +30+35°С-тан +38+43°С-қа дейін біртіндеп жоғарылайды.

Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде +22+27°С-тан +15+20°С-қа дейін, күндіз +38+43°С-тан +30+35°С-қа дейін ауытқуы болжанады. Онкүндіктің соңында ауа температурасы төмендеуі мүмкін.

Ал үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде +15+20°С-қа дейін, күндіз +30+35°С-қа дейін төмендейді деп күтілуде. Содан кейін ауа температурасы түнде +15+20°С-тан +20+25°С-қа дейін, күндіз +30+35°С-тан +35+40°С-қа дейін ауысады.

Жауын-шашынның айлық мөлшері облыстың басым бөлігінде нормадан аз, облыстың солтүстігінде және оңтүстік-шығысында норма шамасында күтіледі.

Өткінші жаңбыр, найзағай бірінші және үшінші онкүндіктің соңында болады. Сонымен қатар, бірінші онкүндіктің соңында, екінші онкүндіктің басында және ортасында шаңды дауыл болжанып отыр.

Жанерке МУСА,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда

университетінің 1-курс студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<