Медиация институтын дамыту

346

0

Медиация институтын дамыту Қызылорда облыстық сотында Медиация туралы Қазақстан Республикасы Заңының қабылданғанына 7 жыл толуына орай семинар сабағы өтті.
Семинарға облыстық сот төрағасы міндетін атқарушы Б.Қалымбет, облыстық соттың судьясы, Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы С.Абдиканов, Соттар әкімшісі басшысының орынбасары М.Асанова, кеңсе меңгерушілері, медиаторлар қатысты.
Іс-шараны ашқан Бақытжан Қалымбет облыс көлемінде аталмыш заңның тиімділігін түсіндіру, сот процесінде тараптарға дауды медиация тәсілімен шешу құқығын насихаттауға бағытталған жұмыстардың қарқынды жүргізілгенін атап өтті.
«Бітім» Медиация орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша директоры Ляззат Бақтыбаева қатысушыларды аталмыш заңның қабылданғанына 7 жыл толуымен құттықтап, өңірде медиацияның дамуына облыстық соттың қосқан үлесінің зор екенін айта келе, өз алғысын білдірді.
Шара барысында баяндамашы қалалық сот судьясы Жазираш Дербісалиева заңның даму тарихы мен сотқа дейінгі татуласу рәсімдерін кеңінен қолдану тәсілдерін кеңінен сөз етіп, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында қалалық сотта медиация тәртібімен аяқталған істердің статистикалық мәліметтеріне тоқталды.
Семинарда Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің бастамасымен «Татуласу. Сотқа дейін. Сотта» пилоттық жобасы бойынша арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, татуластыру рәсімдерін дамытуға қосқан үлестері үшін «Бітім» Медиация орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша директоры Ляззат Бақтыбаева мен Жаңақорған аудандық сотында ашылған құқықтық көмек көрсету бұрышында қызмет атқаратын медиатор Оразалы Жамалхановқа алғыс хат табысталды.
Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасып, медиация институтын дамыту бойынша атқарылған жұмыстарды насихаттаудың тиімділігімен бөлісті.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<