Медицина мамандарына қосымша тағы 150 млрд теңге үстемеақы бөлінеді

955

0

Медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуге екінші жартыжылдықта қосымша 150 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалына бардым. Коронавирустың екінші толқынының қаупін ескере отырып, денсаулық сақтау саласына баса мән берілетін болады. Екінші жартыжылдықта дәрігерлердің үстеме төлемақысы үшін қосымша 150 миллиард теңге бөлінеді», дейді Мемлекет басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<