Медицина қызметкерлеріне үстемақы төленуде

609

0

Аймақта пандемия басталғалы бері 24 306 медицина қызметкеріне қосымша үстемақы төленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.

– Індетпен күресіп жүрген медицина қызметкерлеріне үстемақы өткен жылдың наурыз айынан бастап төленуде. Биыл да республикалық бюджеттен 2 275,61 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда оның 1 584,0 млн. теңгесі берілді. Сондай-ақ, облыстың 14 медициналық ұйымында коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастар үшін 585 төсек-орын ұйымдастырылды. Оның ішінде 91-і реанимация бөліміне. Бұған қоса, тәулік бойы жұмыс істейтін ауруханаларда 451 постковидты оңалту қызметі көрсетілді. Нәтижесінде Қор орындалған жұмысқа 38,7 млн теңге төледі,-деді Бақыт Торғайбайұлы.

Індетті жұқтырудың тәуекел топтары үшке бөлінеді. Біріншісі өте жоғары, екіншісі жоғары, үшіншісі орташа топ. Яғни бірінші тәуекел тобына жататын қызметкерлерге 1 982,8 млн. теңге көлемінде қосымша ақы берілген.НравитсяКомментироватьПоделиться

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<