Қазалы ауданы Ақжона ауылдық округінде жаңа медициналық бекет ашылды. Аталған округке қарасты Жалпақ елді мекеніндегі нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, тұрғындарды қасиетті Рамазан айымен құттықтады.
Сонымен қатар, ол аудандағы денсаулық сақтау саласындағы жетістіктер мен оң өзгерістерге тоқталып, жаңа нысан ауыл тұрғындарының дертіне шипа табатын орынға айналуына тілектестігін білдірді.
Мұнан соң, Ақжона ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрадин Пәуешов, Майдакөл ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Күләш Лекер көпшілікті құттықтап, іргелі істерге ұйытқы болып жүрген ел азаматтарына алғысын айтты.
Жаңа бекет алдына аудан әкімі М.Оразбаев, аудандық мәслихат хатшысы Б.Жарылқап, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Н.Жалғасбаев, аудандық мәслихат депутаты Ғ.Әліш және тағы басқа азаматтар көшет отырғызып, игі тілектерін жеткізді.
Айта кетейік, Ақжона ауылдық округіне қарасты Жалпақ елді мекенінде нақты кезеңде 25 тұрғын тұрады. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған медициналық бекет салынғанына ауыл халқы дән риза.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<