Бүгін Арал аудандағы медицина мекемелері 6 жедел жәрдем автокөлігімен толықты.
Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев жаңа санитарлық көліктердің кілтін салтанатты түрде табыстады.
-«Қазіргі таңда өңірімізде тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру, денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру мақсатында кешенді шаралар жүргізілуде. Соның бір көрінісі бүгін ауданымызға жедел жәрдем автокөліктері жеткізілуде. Жаңа көліктердің халықтың игілігіне қызмет жасауына тілектеспін»- деді аудан басшысы.
Ауданға келген жедел жәрдем автокөліктері қажеттіліктеріне қарай, Аққұм, Аралқұм, Жіңішкеқұм, Бекбауыл, Құланды ауылдық округтері мен Арал қаласындағы «Абай» емханасына берілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<