Мейірбикелер марапат төрінде

1051

0

12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күніне орай Қызылорда жоғары медицина колледжінің акт залында салтанатты шара өтті. Салтанат сахнасында аймақ мейіргерлерін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқақов құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Мейірбике болу мәртебелі әрі жауапты мамандық екені баршаңызға белгілі. Дертке шипа, денге саулық сыйлайтын барша мейірімді маман иелерін бүгінгі кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуы әрбір ақ халатты жанның қосқан үлесіне, білімі мен тәжірибесіне байланысты. Халықтың денсаулығы жолындағы күресте облыс тұрғындарына медициналық қызмет көрсететін 10 721 орта буын маманның жауапкершілігі орасан. Бүкіл әлемді шарпыған пандемиямен күресте дәрігерлердің табандылығымен қатар мейіргерлердің ерлікке пара-пар еңбегі қандай құрметке де лайықты. Бүгінде дүниежүзі эпидемиологиялық  күрделі кезеңді өткерді. Атқарылып жатқан жұмыстар легінде мейіргерлердің еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Осы ретте тұрғындар саулығын сақтауда  аянбай еңбек етіп жүрген барша мейіргерлерге зор ризашылығымды білдіремін, – деді басқарма басшысы.

Жиында бірқатар мамандар «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» , «Денсаулықсақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен, министрліктің және облыс, қала әкімінің, «Amanat» партиясының облыстық филиалының және облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының Алғыс хатымен және өзге де марапат түрлерімен марапатталды. Сонымен қатар мерекеге орай ұйымдастырылған «Үздік маман-2023» кәсіби конкурсының жеңімпаздары да анықталып, олар «Үздік бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымының мейіргері», «Үздік аурухана мейіргері», «Үздік акушер», «Үздік фельдшер» номинациялары бойынша марапатталды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<