Мейрамбек Шермағанбет кентте атқарылған жұмыстармен танысты

375

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет аудан орталығындағы бірқатар көшелерді аралап, Әйтеке би кентіндегі жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелердің жай-күйімен танысты.

Биыл Әйтеке би кентіндегі 4 көше асфальтталатын болса, соның бірі – орталық базарға жақын орналасқан С.Сейфуллин көшесі.

Аталмыш көшеде алдағы уақытта аудандық бюджет есебінен жүргізілетін орташа жол жөндеу жұмыстарын аудан басшысына Әйтеке би кентінің әкімі Мұрат Әбсұлтанов баяндап, жүргізілетін жұмыстардың барысын түсіндірді.

Аудан әкімі мұнан соң 5-ші квартал аумағында орналасқан «Алпамыс» бөбекжай балабақшасының алдындағы автотұрақ салу жұмыстарының жобасыменде танысты.
Алдағы уақытта балабақша алдындағы көше асфалтталып, жаяу жүргіншілер жолыда салынбақ.

Әйтеке би кенті бойынша биыл атқарылатын жобалардың бірсыпырасымен танысқан аудан басшысы бұл жұмыстардың сапалы әрі уақытылы жүргізілуін тапсырып, кент әкіміне алда жасалатын жұмыстарға бақылауды күшейтуді тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<