Мекемедегі сотталғандарды бостандыққа дайындау

451

0

ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы 13 тамыздағы  № 508 бұйрығымен «Сотталғандар арасында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру  жөніндегі нұсқаулықтың» талаптарын, нормативтік-құқықтық актілерді және мекеменің іс-шараларын реттейтін өзгеде құжаттар, оның талаптарын жоспарлық орындау негізінде біршама қызметтік іс-шаралар жүзеге асырылды.

Арнайы контингент арасында діни экстремизм, терроризм және деструктивті діни идеялардың таратылуына қарсы және оларды болдырмау мәселелері бойынша сақтандыру және рухани демеу беру мақсатында  діни конфессия өкілдері, ҰҚК, ІІД, Ішкі саясат басқармасы қызметкерлермен тығыз байланыс орнатылып, бірқатар бірлескен жұмыстар атқарылуда.

Сонымен қатар, деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында жасалған облыс әкімі орынбасарымен бекітілген жоспарға сәйкес теолог-мамандардың дәріс беруі жоспарлы түрде топтық және жеке түрде жүргізілуде. Мекемедегі  ислам бағытындағы дін ұстанушыларға профилактикалық жұмыстар мекеме қызметкерлерімен, діни бірлестіктердегі имамдар және Ішкі саясат басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп кестеге сай уақытылы, әрі сапалы жеке қабылдаулар, профилактикалық іс – шаралар орындалуда. Сотталғандардың бос уақыттарын тиімді өткізуі үшін 1-2 қаңтар Жаңа жыл мерекелік іс-шараларды өткізуге мекемелерде арнайы жоспарлар бекітіліп, атап өтілді. Мәдени-спорттық іс-шаралар жоспарлары бекітілген. Жоспарда белгіленген іс-шаралардың негізгі мақсаты сотталғандар арасында Қазақстандық патриотизмді,  зайырлы мемлекеттілікті дәріптеу. Мәселен жоспар негізінде, 2018 жылдың 19 қаңтарында Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығы кино бөлімінің маман қызметкерлері тарапынан отан сүйгіштік, ұлттық құндылықтар тақырыбындағы  «Мұстафа Шоқай»  фильмін жазасын  өтеуші сотталғандарға  көрсетілді.

Үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық байқау комиссиясымен  бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Үкіметтік емес ұйымдар тарапынан мекемеде 2018 жылы ақпанның 20 күні сотталғандарды адамгершілік бағытында тәрбиелеу, бостандыққа шыққан соң әр түрлі жат қылықтардан аулақ болуы үшін (нашақорлықтан, маскүнемдіктен және т.б.) әр түрлі тақырыптарда  дәрістер өткізілді.  Сонымен қатар 20.03.2018 жылы ЗК-169/1 мекемесінің шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандармен мәдени-спорттық және ағартушылық іс-шаралар жоспарына сәйкес мекемеде жазасын өтеп жүрген сотталғандарға            «Әз-Наурыз – мерейлі мереке» атты ашық есік күні ұйымдастырылып, концерттік  бағдарлама ұйымдастырылды.  Аталған іс-шараға мекеменің шаруашылық бөлімінде жазасын өтеп жүрген сотталғандар қатысты.

Ағымдағы жылдың 06 маусымында  сотталғандар арасында  мәдени-спорттық және ағартушылық іс-шаралар сәйкес Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты «ЗК-169/1 мекемесі» мемлекеттік мекемесінде шаруашылық қызмет көрсетуге қалдырылған сотталғандарға Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне арналған спорттың гир тасын көтеру, бел темірге тартылу және шахмат ойындарынан сайыс  ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты сотталғандарға патриоттыққа, отанды сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында  жат ағымдардың ықпалынан сақтану, мінез-құлықтары мен ұстанымдарының дұрыс қалыптасуы рухани қалыптасуы  болып табылады.

 2018 жылдың 22 маусымында Қызылорда облыстық өлкетану музейі қызметкері Б. Назаровтың мекемеде жазасын өтеуші сотталғандар арасында көшпелі мұражай көрмесі өткізілді. Көркем сурет галереясында сотталғандардың эстетикалық  және әсемдікке шығармашылық сезімдерін  дамыту,  қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сыйлауға, отансүйгіштікке  тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының музей қызметкері тарапынан отан сүйгіштік, ұлттық құндылықтар тақырыбындағы  әр суретте бейнеленген көріністердің мағыналарын  түсіндіріп, атап өтті. Ұйымдастырылған іс-шара кезінде сотталған азаматтар музей қызметкерімен  пікір алмасып, көптеген сұрақтарға жауап алды. Қорытындылай келе сотталған азаматтар өз ойларын ортаға салып көптеген  сұрақтарға  жауап  алғандарын  айтты.

2018 жылдың 26 маусымында  сотталғандар арасында  мәдени-спорттық және ағартушылық іс-шаралар жоспарына сәйкес шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандарға Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері А.Серімбетов пен С.Бертайдың қатысуларымен «Спорт денсаулық  кепілі» атты сайыс  ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты сотталғандарға қазақ жері, елі үшін күрескен батырларымыздың ерлігін құрметтеуге, патриоттыққа, отанды сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында  жат ағымдардың ықпалынан сақтану, діни сауатты болуды, қазақ халқының тұрмыстық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпын ұстану, мінез-құлықтары мен ұстанымдарының дұрыс қалыптасуы, ұлттық тарихын, мәдениетін терең білуі, рухани құндылықтарын бойына сіңіру болып табылады. Қызылорда облысы әкімінің  орынбасары Р.Рүстемовпен бекітілген ағымдағы жылдың 2-жартыжылдығында сотталғандар арасында өткізілетін мәдени-спорттық және ағартушылық іс-шаралар жоспарына сәйкес мекемеде жазасын өтеп жүрген сотталғандар арасында отансүйгіштік, ұлттық құндылық тақырыбында «Анаға апарар жол», «Жаужүрек мың бала», «Құнанбай» фильмі  көрсетілімі өтті.   Аталған фильмді көруге мекеменің шаруашылық және оқшауланған аймақта жазасын өтеуші сотталғандар  қатыстырылды.

Н.ЕРНИЯЗОВ,

ҚАЖ департаменті  ЗК-169/1 мекемесінің

АКАӘПТЖЖБ бөлімінің бастығы, 

әділет аға лейтенанты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<