Мектеп формаларына арналған жәрмеңке

367

0

Қызылорда қаласында 2025 жылғы 5–31 тамыз аралығында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы аясында оқушыларға арналған мектеп формаларының жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеде өз өнімдерін «Ақжүрек мүгедектер қоғамы» ҚБ және «Бибі-Айша» тігін цехы ұсынады.

Мектеп формалары нарық бағасынан төмен, сапалы әрі қолжетімді бағамен сатылады.

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жеңілдіктер қарастырылған.

Өтетін орны: А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің жаны.

Уақыты: 2025 жылғы 5 – 31 тамыз аралығы.

Баршаңызды жәрмеңкеге шақырамыз!

Балаларыңыздың жаңа оқу жылына дайын болуына бірге атсалысайық!