Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жарқын Омаров аудандық білім бөлімінің №284 мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының жұмысымен танысты.
Мектеп жаратылыстану-математикалық бағытындағы және бейіні бойынша жаратылыстану, химия, биология, география пәндері бойынша бағытталған. Ауданның дарынды балаларына қолдау көрсетіп, сапалы білім беру мақсатында ашылған білім ордасы оқу ғимаратымен, жатақханамен, асханамен және кітапханамен толық жабдықталған.
Білім алушылар аптаның 5 күнінде мектеп жатақханасында жатып оқиды. Жұма күні сабақтары толық аяқталғаннан кейін, автобуспен Жосалы кентіне тасымалданады.Аудан әкімінің орынбасары мектеп жұмысын жүйелендіру бойынша тапсырмалар беріп, білім ошағының дарынды оқушылар үшін маңыздылығын атап өтті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<