Мектеп оқушыларын шығармашылық жұмысқа бейімдеу маңызды

717

0

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, бәсекеге қабілетті, заманға сай тұлғаны  қалыптастыру үшін мектеп оқушыларына шығармашылық немесе ғылыми жобалар орындау, компьютерлік сауаттылық, құқықтық білім және ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру қажеттігі туындайды.  Қазіргі жүйе бойынша  орта статистикалық баланы ғана дайындауға жұмыс жасалуда. Яғни, барлық баланың мүмкіншілігі ортақ критерийлермен бағаланады. Мұғалімдердін деңгейі оның оқыған тәжірбиесімен, алған сертификаттарымен, білімділігімен бағаланып жатады, бұл да орынды шығар, дегенмен, өзінде барды ғана балаларға бере алатын мұғалімдермен қатар заманауи әдіс-тәсілдермен қаруланған, қоғамға және бизнеске тиімді технологиялар меңгерген мұғалімдердің оқушыларды ғылымға, шығармашылыққа даярлауы өзекті мәселе болып табылады. 2019 жылы облыста жалпы орта білім беретін 293 мектепте 162 142 оқушы білім алуда.

Халықаралық және республикалық олимпиадалардағы 50-ден астам оқушы жүлделі орындарды иеленді. Оның 12-і Алтын медаль, 14-і Күміс,  29-ы қола медалі. Яғни барлық оқушылардың 0,3 пайызы ғана ғылыми зерттеу жұмысы мен тереңдетілген сапалы білімін көрсете алады деген сөз. Егер ҰБТ көрсеткіштерін талдайтын болсақ, облыс бойынша 2019 жылдың 21-26 маусым аралығында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге 4143 (72%) бітіруші  қатысты. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда  қатысу 5 % көбейген.

Сондықтан да облыс бойынша орташа балл – 86,1 балл (2017 жыл –  82,4 балл.)- ды құрап тұр. Қәзіргі таңда осы оқушылардың 65%  жоғары оқу орындарына мемлекеттік грант есебінен білім алуда.  Бұл көрсеткіштер ауылдық мектеп бітірушілердің білім деңгейін әлі де болса арттырып, мектеп оқушыларымен пәндік дайындықтар бойынша жұмыстар жасалу керектігін айтады.

2022-2023 оқу жылында мектеп оқушыларының контингенті барлығы       179 869 құрады, оның ішінде мемлекеттік мектептегі оқушылар саны 172 625 оқушы, жекеменшік мектептердегі оқушылар саны 7244 оқушы.

«Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының I кезеңіне облыс бойынша 11 255 оқушы қатысып, 903 оқушы II кезеңге өтті. II турда 209 оқушы жеңімпаз атанды. Оның ішінде 28 оқушы (6 сынып) облыстың мамандандырылған лицейлеріне конкурстық іріктеусіз гранттар жеңіп алды.

Дегенмен, ауылдық мектеп оқушыларына ҰБТ ға даярлық ұйымдастырып,  ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығушылығын туындату арқылы көрсеткіштерді ағымдағы жылы көтеруді  жоспарлауға болады. Егер 1000 оқушыны кемі 10 мектептен жасақтап алып, статистика бойынша кейде әр мектепте бітіруші сыныптар орта есеппен 1-2 сынып ғана болады екен, әрі олардың саны да қала мектептерімен салыстырғанда аз болып келеді. Сондықтан да 10 мектептен шамамен 200 оқушыны ҰБТ бойынша жобаға қатыстыруды жоспарлап, ал қалған 800 оқушылар қатарына 8-10 сынып оқушыларын қатыстырыруға болады. Демек, олар ғылыми –зерттеу жұмыстарымен, компьютерлік білімін арттыруға, құқықтық сауаттылығын көтеруге және ағылшын тілін меңгеру бойынша қатысады.

Әлеуметтік зерттеулер нәтижесі мектеп оқушыларының мектептен кейінгі білімін жалғастыру қажеттілігінің бар екендігін көрсетеді (72%), өйткені қоғам дамуының қазіргі кезеңінде бедел мен жоғары әлеуметтік мәртебеге жету тұрғысынан бұл маңызды және әлеуметтік сұранысқа ие олар өздерінің өмірлік жоспарларына ең қолайлы деп санайды.

Оқушылардың жауаптарын талдағаннан кейін, мектеп бітірушілерінің көпшілігінің жоғары білім алуға бағытталғандығын білуге ​​болады, өйткені олардың 72% жоғары оқу орнын таңдады. Орта кәсіптік білімді 20% мектеп бітіруші жеткілікті деп санайды.

Болашақ мамандықтарды таңдауда бірнеше бағыттары бар. Бірінші бағыт – гуманитарлық (35%), екінші бағыт – спорт (11%), үшінші бағыт – физика-математика (25%), төртінші бағыт – химиялық және биологиялық (14%). .        Салыстырмалы түрде аз пайызды әлеуметтік-экономикалық (9%), ақпараттық технологиялар (8%), өндірістік және технологиялық (5%), көркемдік-эстетикалық (14%) және филология (15%) сияқты салалар алады. Белгілі бір мамандықты таңдауға әсер етуі мүмкін факторлардың ішінде жетекші нұсқа жоғары жалақы алу (20%), мамандық беделінің жоғарылығы (22%), сонымен қатар жұмысқа орналасу мүмкіндігі (32%). Студенттерге мамандық таңдау кезіндегі маңызды емес факторлардың бірі – өзін-өзі тану және дамыту мүмкіндігі (9%) және жұмысты ұнату керек (8%). Бұл қазіргі жастардың жоғары мәртебеге, жеке жетістікке жетуге ұмтылатындығына байланысты, бұл табыс деңгейі мен мамандықтың беделімен өлшенеді. Мақсатты топтың қажеттіліктері әртүрлі әдістермен қалыптасады. Соның бірі – ғылыми немее шығармашылық жобалар жасау және орындау, ақпараттық технологияны қолдану, компьютерлік сауаттылықты арттыру. Білім беруді ақпараттандыру мемлекеттік білім беру саясатының басты бағыттарының бірі ретінде қарастырылады. Қарқынды дамып келе жатқан ақпараттық технологиялар өмірдің барлық салаларына терең өзгерістер әкелуде. Ақпараттық технологияны қолдану оқу процесінің тиімділігін арттырады, оқу уақытын үнемдейді және оқушыға оқу материалын жақсы меңгерген жылдамдықта жұмыс істеуге мүмкіндік береді, яғни, оқушының ҰБТ көрсеткішін жеткілікті деңгейге жеткізеді. Сондықтан да алдағы уақытта төмендегідей міндеттерді қарастыру керек:

  1. Ауылдық жерлердегі мектептер мен оқушылар санын анықтап, волонтерлар арқылы ҰБТ-ға дайындық тобын жасақтау;
  2. Ағылшын тілі және компьютерлік сауаттылыққа үйрету, құқықтық білімін жетілдіру топтарын анықтапу, өткізу кестесіне сәйкес жоспарланған жұмыстарды жүргізу
  3. Оқушылардың үлгерімі бойынша үнемі кезеңдік мониторинг жүргізіп отыру (білім алушылардың материалды меңгеру дәрежесін, динамикасын және т.б. анықтау)
  4. Мектеп мұғалімдеріне арналған семинар-тренингтер, шеберлік сыныптар өткізіп тұру
  5. Мектеп оқушыларының арасында  ғылыми-практикалық конференциялар мен шығармашылық жобаларға арналған түрлі байқауларды өткізу
  6.  Мектеп оқушыларының үлгерімін ынталандыру мақсатында кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында үздік студенттермен кездесулер ұйымдастырып тұру қажет.

Бұл міндеттер оқушыларға ғылыми-шығармашылық көзқарас қалыптастыруда үлкен роль атқарады деп айтуымызға болады. Сондықтан да, шығармашылық тәрбие беру жүйесі терең педагогикалық мағынасы бар оқушылардың шығармашылықты өз еркімен таңдауы негізінде құрылуы тиіс, ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді, олардың қиялдарын ұштайды, оң эмоциялар тудырады, қиындықтарды табандылықпен жеңуге көмектеседі, мәжбүрлеусіз еңбек дағдыларын игеруге ықпал етеді.

Оқушылар тәжірибе жинақтаған сайын, олардың шығармашылық түпкі ойлары да күрделене береді, олар орындау техникасына және нәтижеге қатысты өздеріне талапты күшейтеді. Шығармашылық процесін қарастыра отырып, оқушылардың арасындағы шығармашылық климаттың қалыптасуына, шығармашылық процестің өзіне, оқушыда шығармашылық қабілетінің болуына назар аудару қажет.

Шығармашылық қабілет кез келген адамға, кез келген дені сау балаға тән болуы мүмкін, тек оларды дер кезінде анықтап, дамыту қажет. Шығармашылық элементтері күнделікті кездесетін міндеттерді шешу кезінде байқалады, оларды әдеттегі оқу процесінде, оқушының өз бетінше жұмысынан көріп мұғалімнің анықтауы үлкен маңызға ие.

З.ТАЖИЕВА

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті,

«Дизайн және технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы,

экономика ғылымдарының кандидаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<