ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов сабақ кезінде балаларға медициналық қолғап кигізуді міндеттеу туралы әлеуметтік желідегі ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Балаларға қолғап кигізу міндетті емес екенін айтқым келеді. Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», – деді ол Оның сөзіне қарағанда, сабақ кезінде балаларға маска тағу керек болады.
«Себебі балалар коронавируспен сирек ауырса да, ауруды тасымалдайды. Сәйкесінше, індетті ересек адамдарға жұқтыруы мүмкін», – деп түсіндірді ресми өкіл. Еске сала кетсек, Қазақстанда 2,5 мыңға жуық бала коронавируспен ауырған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<