Мектеп жәрмеңкесі өтуде

688

0

Фото: Қала әкімдігі

Облыс орталығында 1 тамыздан бастап «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында жергілікті тауар өндірушілердің қатысуымен мектеп жәрмеңкелері өтуде.​

Аталған жәрмеңкелерде мектеп тауарлары мен оқу құралдары, сондай-ақ жергілікті тауар өндірушілердің мектеп оқушыларына арналған киім-кешектері нарықтағы бағадан төмен ұсынылуда.

Жәрмеңке қыркүйектің 1-не дейін жалғасады.

Мекенжайы: А. Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінің маңы және «Қорқыт» сауда үйінің алды.