Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы заттық-дамытушылық ортаның рөлі

88

0

Қазіргі таңда философтар «орта» деген сөздің мағынасын жеке мінез-құлық пен қоршаған ортаның тығыз байланысының жүйесі деген тұрғыда түсіндіруде. Болашақ жаңа білім мен дағдыны меңгерген, шығармашылық қабілеті жоғары, өзіндік пікірін ортаға сала алатын, дербес ізденіс нәтижесінде елеулі мәселелердің шешіміне қол жеткізетін, әрекеттесу стильдерін түрліше қолдана алатын, ойлау қабілетімен ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруды көздейді. Дамытушы, тәрбиелеуші ортада сәби жеке тұлға ретінде қалыптасады және бұл қалыптасу әлеуметтенудің модулі болып табылады. Дамытушы орта кеңістіктерінің мектеп жасына дейінгі балалардың даму деңгейіне әсер беру мақсаттары:

• Балаларды дамытушы орта арқылы өмірдің қыр-сырын таныту және жан-жақты дамыту;

• Тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыру барысында күнделікті өмірдегі дағдыларының құзыреттілігін байыту, жетілдіру;

• Дербес қимыл әрекеттерін қолдау, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің қалыптасуына жан дүниесінің тазалығына, ұқыптылығына тәрбиелеу;

• Тәрбие жұмысының тақырыптары бойынша білім-білік дағдыларын түсіндіру;

• Баланың меңгерген білімін бақылау, бағалау;

• Үйренгендерін күнделікті өмірде қолдануы.
ҚР МДТО МЖМС заттық-кеңістік даму ортасы деп мектеп жасына дейінгі балалардың жеке, эмоционалды, әлеуметтік және интеллектуалды дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жүйесі түсініледі. Заманауи заттық-кеңістік даму ортасына келесі талаптар қойылады:

● қанықтық – балалар үшін қолжетімді материалдармен тәжірибе жасай отырып, барлық санаттағы балалардың ойын, танымдық, зерттеушілік және шығармашылық қызметін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін оқу құралдарын, материалдарды (соның ішінде шығын материалдарын), ойын, спорттық-сауықтыру жабдықтарын; ірі және ұсақ моториканы дамытуды қоса алғанда, қозғалыс белсенділігін қосу;

● түрлендіргіштік – білім беру жағдайына, соның ішінде балалардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктерінің өзгеруіне байланысты ЗКДО өзгеру мүмкіндігі;

● көпфункционалды – ЗКДО компоненттерін (мысалы, балалар жиһаздары, төсеніштер, жұмсақ модульдер, экрандар, оның ішінде табиғи материалдар) балалар қызметінің әртүрлі түрлерінде әртүрлі қолдану мүмкіндігі;

● қолжетімділік – тәрбиеленушілердің (оның ішінде, мүмкіндігі шектеулі балаларды) балалар қызметінің барлық негізгі түрлерін қамтамасыз ететін ойындарға, ойыншықтарға, материалдарға, оқу құралдарына тегін қолжетімділігі;

● қауіпсіздік – оларды пайдаланудың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын сақтау (санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, өрт қауіпсіздігі ережелері, психологиялық-педагогикалық сараптама ережелері)
Заттық-дамытушылық орта балалардың жасы мен даму деңгейіне және олардың әрекетіне тікелей тәуелділіктен табылады. Топтағы дамытушылық ортаның мақсаты ақпараттандырылуы, сол немесе басқа үдерістің бейнесін жасайды, қоршаған орта мен баланың арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.

Заттық-дамытушылық ортаның барлық компоненттері мазмұны, көлемі, көркемдік шешімі бойынша өзара байланысты. Балабақшаның әртүрлі жас топтарындағы заттық-дамытушылық ортаны ұйымдастыра отырып, педагогтер балалардың ойын әрекетін дамытудың кезеңдік ерекшелігін, тәрбиенің жеке тұлғалық – бағытталған моделі қағидасын есте ұстаулары керек. Мектепке дейінгі ұйымдардағы заттық-дамытушылық орта белгілі талаптарға жауап береді: бұл бәрінен бұрын баламен тақырыпқа, ойын желісіне, сол немесе басқа ойыншықтарға, ойынның орны мен мерзіміне еркін жету. Балабақша топтарында заттық-дамытушылық ортаны ұйымдастыру кезінде күрделі, көп жоспарлы және жоғары шығармашылық әрекет қажет.

Таласбаева Гаухар Барақбайқызы,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша

кәсіби даму институтының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<