Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру маңызды

1718

0

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ұмай» қайырымдылық үйі мектеп жасына дейінгі балаларға арналған экологиялық білім беру және эковолонтерлікті дамыту бойынша жобаны іске асыруда. Жоба «Шеврон» компаниясы және Орталық Азияның Еуразия қорымен әріптестікте «Qolda 3.0» жедел көмек бағдарламасы аясында гранттық қаржыландыру есебінен іске асырылады.

Балалар үйінің 10 тәрбиешісі «Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым экологиялық түсініктері» бағдарламасы бойынша оқытудан өтеді. Тәрбиешілер Монтессори әдісінің элементтерін қолдана отырып, мектеп жасына дейінгі 75 балаға білім берумен айналысады. Жылыжайда 48 сағаттық теориялық және практикалық сабақтар балалардың бойына экологиялық мәдениетті ойын түрінде бекітуге бағытталған.

Сондай-ақ «Ұмай» қайырымдылық үйінде табиғат аясында тұрақты экскурсиялар өткізу арқылы балалардың бойына сұлулықты көру қабілетін арттырады. Эксперттердің айтуынша бұл байқампаздық пен эмоционалды интеллектті дамытады, баланың бойындағы шығармашылық қабілеттерді оятады және қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін тәрбиелейді.

Оқыту семинарларының тренері Анар Изден: «Табиғатқа тамсану бойынша сабақтар – бұл мектепке дейінгі білім беру процесінде экологиялық бағытты дамыту ғана емес. Бұл – балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту және мәдениетті адамды тәрбиелеу. Бүгін семинарда маған «Таудың басындағы жалғыз ағаш» тақырыбын талдау ұнады. Ұмайлықтар күш пен тұрақтылық тақырыбын өте кең және қолжетімді түрде аша білді. Жоба аясындағы басқа да тақырыптар мазмұнды болады деп ойлаймын» – деп атап өтті.

Мектеп жасына дейінгі балалардың эко-білім беру бағдарламасына қатысуы олардың дұрыс экологиялық әдеттерін деп күтілуде, атап айтқанда: қоқыс тастамау, гүлдерді жұлмау, пластикті пайдаланбау, қалдықтарды сұрыптау, үй өсімдіктерін өсіру, ағаш отырғызу және қоршаған ортаға мұқият болу қасиеттерінқалыптастыруға көмектеседі.

«Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру өте маңызды! Дәл осы 4-5 жаста сана элементтері айқын көрінеді: табиғатқа деген қызығушылық, эмоционалды реакциялар, табиғаттағы адамдардың мінез-құлқын саналы бағалау. Осылайша, мектепке дейінгі балалық кезеңде балалардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы жүреді. Дәл уақытында осы субмәдениеттің сапалы түрде қалыптасуының арқасында бала өзінің білімі мен дағдыларын келесі ұрпаққа бере отырып, қоршаған табиғатты өмір бойы жақсы көретін болады, бағалайды және оны қорғайды. Оқыту семинары аясында мен көп нәрсені білдім. Маған тыңдаушы ғана емес, орын алып жатқан оқиғалардың қатысушысы болу ұнады. Мен өз жұмысыма басқаша қарай бастадым», – деп санайды қайырымдылық үйінің тәрбиешісі Айзада Дәуренбекова.

«Ұмай» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйі» – 1999 жылы құрылған мемлекеттік емес мекеме. Облыстың ең ірі үкіметтік емес ұйымдарының бірі қазіргі уақытта 41 қызметкерді жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Негізі қаланған сәттен бастап әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатында қиын өмірлік жағдайларға тап болған отбасыларға үздіксіз қызмет көрсетеді. Қайырымдылық үйі республикалық «Таным» сыйлығының иегері атанды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<