Мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді

538

0

Фото: Сырдария ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Н.Ілиясов ауылындағы №132 Т.Айтбаев атындағы орта мектепке жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Үш қабатты мектептің ішін аралап, мердігер мекеме өкіліне жұмыстарды сапалы атқаруды айтты.

Білім ошағының күрделі жөндеу жұмыстарына 293 млн. теңге бөлінген. Бұл жұмыстарды «МКК Элит Строй» ЖШС атқаруда. Бүгінде ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Берік Әбдіғаппарұлы жөндеу жұмыстарын сапалы және оқу жылы басталардан ерте аяқтауды ескертті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<