«Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды

369

0

Қайырымдылық- мұқтаж жандарға көрсетілетін нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі адамның асыл қасиеті. Кісінің айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады. Жүрегінде иманы бар жұрт қолынан келгенше Алла алдындағы қасиетті парыздың бірін қайырымдылық деп біледі.
 Бүгінгі таңда респбликамыздың түкпір-түкпірінде 1 тамыз-30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілуде.
Елбасының бастамасымен қолға алынып, республика көлемінде өтетін жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын  Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1, ЗК-169/4, ЗК-169/5 мекемелерінің ұжымы «Балаға – мейірім сыйла!» үндеуімен өткізді. Акцияның мақсаты – тұрмысы төмен отбасы балаларын мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтармен қамтып, сабаққа баруын қамтамасыз ету. Акция барысында әлеуметтік көмекті қажет ететін және көпбалалы отбасынан шыққан 10 оқушыға мектепке керекті оқу құралдары салынған сөмкелер мен оқушылар киімін табыс етті.
Шарапаты мол сауапты шара аясында көмек алған балаларының жүзіндегі қуанышты көрген ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<