Көпбалалы ата-аналарға оқу маусымы қарсаңында балаларының керек-жарағын түгендеу оңайға соқпайды. Сондықтан «Мектепке жол» науқаны аз да болса көмек беруді, мектепке қажетті құрал-жабдықтар және киім-кешектермен қамтамасыз етуді мақсат етеді.
Бүгін осы қайырымдылық шарасына орталық ұжымы да өз үлесін қосты. Қаладағы «БИАЛИ» спорттық киімдер дүкенінің, кәсіпкер Асхат Шаукентаевтың жүзеге асқан шарада 10 отбасыға көмек көрсетілді. Алдағы уақытта тағы 40 отбасыға қол ұшын созу жоспарда.
Сонымен қатар орталықтың ІТ паркпен бірлесе қолға алған шарасы аясында жөндеуден өткен 100-ге жуық компьютер мұқтаж отбасылардың балаларына үлестірілетін болады. Бұл – Сыр жастарының жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға деген тартуы болмақ.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<