Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық науқаны аясында Қазалы аудандық «Жанқожа батыр» атындағы орталық мешітте 100 балаға оқуға қажетті құралдар үйлестірілді.
Сауапты іс-шарада Жанқожа батыр атындағы орталық мешіттің бас имамы Нұрдәулет Нәби жаңа оқу жылын бастағалы жатырған балаларға сәттілік тілеп, еліміздің болашағы болатын ұландар болып өсуіне тілектестігін білдірді. Сондай-ақ аудандағы әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 100 балаға мектепке қажетті оқу құралдары салынған сөмкелерді табыс етті.
Жалпы қайырымдылық науқаны аясында Қазалы ауданы бойынша 250-ден астам оқушыға мектепке қажетті оқу жабдықтары үлестіріледі деп жоспарланған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<