Мектептегі буллингке қарсы арнайы бағдарлама әзірленеді

1565

0

Сурет:  ашық дереккөз

Мектептегі буллингке қарсы арнайы бағдарлама әзірленеді. Халықаралық зерттеу нәтижесі аясында жасалатын жоба келесі жылы бірнеше мектепте пилоттық режимде іске асырылмақ, деп хабарлады turkystan.kz «Qazaqstan» телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Дүниежүзілік балалар күніне арналған брифингте Оқу-ағару министрінің орынбасары Еділ Оспан айтты.

Бұдан бөлек, тамызда балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алуға бағытталған кешенді жоспар қабылданғанын жеткізді.

Вице-министр мұны Қазақстан мектептерінде бұрын-соңды болмаған қауіпсіздік шарасы екенін ерекше атап өтті. Жоба шеңберінде елдегі барлық аймақта біртіндеп пихологиялық қолдау орталықтары ашылып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<