Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
![Мемлекет басшысы «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойды](https://baq.kz/userfiles/images/caa1c07a-65e0-40f7-947f-f62f5d53fcb4.jpeg)
Президент елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлеріміздің рухына тағзым етті.
![Мемлекет басшысы «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойды](https://baq.kz/userfiles/images/001ac323-8abb-4679-91b8-ffc922e0fb57.jpeg)
![Мемлекет басшысы «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойды](https://baq.kz/userfiles/images/486f1060-5d85-4bb8-8395-a234ac015e9a.jpeg)
Содан кейін президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылы ротасы шараға қатысушылардың алдынан салтанатты түрде сап түзеп өтті.
![Мемлекет басшысы «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойды](https://baq.kz/userfiles/images/4e1863d9-df0b-4119-b50e-f22d2909f70a.jpeg)
Шара соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ардагерлермен әңгімелесті.
![Мемлекет басшысы «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойды](https://baq.kz/userfiles/images/04e6c795-1b0c-4f60-9fa4-c30dc190c80c.jpeg)
Президент оларды Жеңіс күнімен құттықтап, барша отандасымызға зор денсаулық, амандық тіледі.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/05/f52064fb-4f90-4eb2-8e9c-df1027255ffd-1.jpeg)
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<