ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысындағы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын сырбойылық аманаттықтар ұжым болып тыңдады.
Мұнан соң партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова Жолдауда жүктелген міндеттемелер бойынша нақты тапсырмалар берді.
ҚҰРЫЛЫСҚА МОНИТОРИНГ ЖАСАЛДЫ
«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы бастаған комиссия мүшелері «Бәйтерек» шағын ауданында салынып жатқан 600 орындық мектеп құрылысының жұмыс қарқынын
бақылады.
Аталған нысан құрылысы 95% аяқталғанымен, сыртқы абаттандыру жұмыстары бітпей, құрал-жабдықтары жеткізілмей және орнатылмай жатыр.
Нысан толық аяқталып, тұрғындарға табысталғанша партиялық бақылауда болмақ.
АКЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
«AMANAT» партиясының бастамасымен қолға алынған «Бақытты отбасы» партиялық жоба аясындағы «Баланы мектепке даярлайық!» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясына сырбойылық партияластар да белсенді үлес қосты.
Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі акцияның басты мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға балаларын жаңа оқу жылына дайындауға көмектесу.
Акция аясында партияластар мен фракция мүшелері және бастауыш партия ұйымдарының қолдауымен өңірімізде 1842 бала мектеп формасымен, оқу құралдары салынған рюкзактармен қамтылды.
КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫС
Апта барысында партия филиалы жанындағы экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.
Оған бейне байланыс режимінде партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев, тиісті министрлік өкілдері қатысты. Онда өңірде ауыл шарушылығы, шағын және орта бизнесті дамыту бағытында қордаланған мәселелер талқыланып, шешу жолдары қаралды.
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ
Апта барысында партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде денсаулық сақтау саласы бойынша тақырыптық қабылдау ұйымдастырылды.
Қабылдауды облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Айгүл Төлегенова, көпбейінді облыстық аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Жаңыл Әбубәкірова жүргізді. Мұнан бөлек партия алаңында облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әміржан Өтегенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Жұмыс аптасында филиал заңгері Сәбитбек Алшынбеков «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында тұрғындарға заңнамалық кеңес берді.
Жалпы апта ішінде аймақтық және аумақтық филиалдар мен бастауыш партия ұйымдарында іс-шаралар, партиялық жобалар, брифингтер, «Балаларды мектепке дайындайық!» акциясы, партиялық бақылау және т.б. түрлі форматтағы 64 қоғамдық-саяси іс-шара ұйымдастырылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<