Мемлекетаралық іздеуде жүрген алаяқ қолға түсті

1190

0

Мемлекетаралық іздеуде жүрген шымкенттік алаяқ Ақмола облысының аумағында қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өткен жылы тәртіп сақшылары 80-нен астам қылмыскерді ұстады, оның ішінде 13 адам бірнеше жыл іздеуде жүрген. «Қаңтардың 26-да Жақсы аудандық ПБ криминалдық полиция бөліміне аудан аумағында халықаралық іздеудегі қылмыскерлердің жүргені туралы хабар түсті. Жедел іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері ер адамды Жақсы ауылында анықтап, ұстады», – деді ведомстводан. Анықталғандай, ер адамға алаяқтық үшін өткен жылы Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық соты іздеу жариялаған. «Ер адам аудандық ауруханада әрілеу жұмыстарымен айналысып жүргенде ұсталды. Қазір ол Жақсы аудандық ПБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», – деп толықтырды ведомстводан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<