Мемлекетік қызметкердің әдептілік және мінез-құлық қағидалары

619

0

Фото: ашық дереккөз

Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан ақы төленетін мемлекеттік лауазымды атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.

Мемлекеттік қызметкер мемлекеттік биліктің айнасы секілді. Оның ар-ожданы биік, әділетті, талантты ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін қоғам бағалайды. Халық сенімі мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік қызметі қаншалықты сапалы көрсеткендігіне қарап нығаяды. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметкер өз орнында, халықтың мүддесіне қызмет етіп, көкейтесті мәселелерін заң шеңберінде шешуі талап етіледі.

Мемлекеттік қызметкер болу – үлкен абыройлы міндет. Ол билік пен халық арасында байланыстырушы буын болып табылады. Сондықтан да көп нәрсе оның кәсіби біліктілігіне жедел түрде ой қорытып, қандай да бір мәселелерді шешу жауапкершілігін өз мойнына ала білу дағдысын игергендігіне байланысты. Кез келген деңгейдегі мемлекеттік қызметкер лауазымы басқа мамандық тұрғысымен салыстырғанда мейілінше жоғарғы. Бұл өзін-өзі жетілдірудің тұрақты жағдайы.

Мемлекеттік қызметкер іс-әрекетіне жауаптылықпен қарап, жоғары орындаушылық өзіне және әріптестеріне талап қою білу,  тәртіптілік және  мүлтіксіз адамгершілік қасиеттеріне ие болуы тиіс.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдепті сақталуы жөнінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Заңымен реттелген. Заңның 49-бабында мемлекеттік қызметщілер, заңдылық қағидатын басшылыққа алуға; мемлекеттік саясатты жақтауға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, өзінің іс әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекеттік қызметке кір келтіретіндей әрекеттер жасауға жол бермеуге; мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға, жалпыға ортақ қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға, қарамағында мемлекеттік қызметкерлерден лауазымдық өкілеттерінен тыс тапсырмалар орындалуын талап етпеуге, мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдебінде көзделген өзге де әдеп қағидаларын сақтауға міндетті.

Қандай болғанда да, мемлекеттік қызметкер әдеп кодексін өзі ұстанып айналасындағы ортаға өз үлгісімен насихаттау керек деп ойлаймын.

Раушан ЖИЕНБАЕВА,

Қызылорда облысының кәмелетке

толмағандардың істері

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

 сотының жекетші маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<