Мемлекетке келтірілген залалды өтеу – прокуратура органдары жұмысының негізгі басымдықтарының бірі

942

0

Елдегі әлеуметтік-саяси жағдайды тұрақсыздандыру үшін пайдаланылуы мүмкін экономикалық дағдарыстың жаңа толқынында болып жатқан геосаяси өзгерістерді ескере отырып,  бюджет қаражатын жұмсау заңдылығын прокурорлық қадағалауды қамтамасыз ету мәселелері ерекше мәнге ие болады.

Қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес (Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 02.05.2018 ж. № 60 бұйрығымен бекітілген) прокуратура органдарының қызметін және олардың елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйін жақсарту жөнінде қабылдаған шараларының тиімділігін бағалаудың негізгі критерийлерінің бірі меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының заңсыз іс-әрекеттерінен келтірілген залалды мемлекетке өтеу болып саналады.

Бұдан келіп шығатыны, прокуратура органдарының басым міндеттерінің бірі ең алдымен мемлекетке залал келтірумен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау, сондай-ақ кінәлі адамдардың құқыққа қарсы іс-әрекеттерімен келтірілген залалды қалпына келтіруге прокурорлық қадағалаудың уақтылы және тиісті шараларын қабылдау болып табылады.

Әскери органдардың әскери мүліктің сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған заңнаманы қолдануы бойынша прокурорлық қадағалаудың қазіргі практикасы мемлекетке залал әскери органдар қызметінің барлық бағыттары бойынша келтірілетінін көрсетеді.

Көптеген жағдайларда мемлекетке материалдық залал әскери бөлімдер мен мекемелердің материалдық жауапты лауазымды тұлғаларының қылмыстық-салғырттық әрекеттері (әрекетсіздігі) салдарынан келтіріледі.

Осыған байланысты, оның тақырыбына қарамастан кез-келген тексеруді жүргізу кезінде әскери қызметшілердің құқықтары мен бостандықтарын қорғауды және қалпына келтіруді қамтамасыз етумен қатар, мемлекетке материалдық залал келтіру, әскери мүлікті және қорғаныс мұқтажы үшін бөлінген бюджет қаражатын жымқыру үшін қолайлы жағдайлар жасау фактілерін анықтауға ерекше назар аударылады.

Әскери прокуратура органдары Бас Прокурор мен Бас әскери прокурор қойған міндеттерді ескере отырып, мемлекетке келтірілген залалды өтеу жөнінде елеулі жұмыс атқарды.

Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасы қабылдаған шаралар белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

2019-2021 жылдары және 2022 жылдың өткен кезеңінде мемлекет кірісіне ден қою шараларымен 16 млн. теңгеден астам түсімдер қамтамасыз етілді (оның ішінде 11 млн.теңгеден астамы мемлекеттік бюджетке өтелді).

Мемлекетке келтірілген залалды өтеу мәселесінің өзектілігі мен басымдығына байланысты гарнизонның әскери прокуратурасының осы бағыттағы жұмысы жалғасуда, ол үшін жүргізілетін тексерулер мен талдаулар барысында бюджетті толықтырудың жаңа әдістері іздестірілуде.

Роман Снопов,

Қызылорда гарнизоны

әскери прокуратурасының

аға прокуроры

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<