Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек

341

0

Қазақстан Республикасының  2018 жылғы 5 шілдедегі «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңына сәйкес   заң көмегінің түрлері:  құқықтық ақпарат беру және  құқықтық консультация беру. Заң көмегін алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негізде және тәртіппен, тегін негізде көрсетілетін заң көмегі мемлекет кепілдік беретін заң көмегі деп танылады.

Заң көмегін көрсететін тұлғалар: мемлекеттік органдар, адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, заң консультанттары,  заң көмегін көрсетіп жүрген және заң көмегін көрсететін тұлғалардың міндетті мүшелікке негізделген коммерциялық емес ұйымдарында және заң консультанттарының палаталарында тұрмайтын жеке тұлғалар көрсетеді.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар: құқықтық ақпарат беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін тегін алуға барлық жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқығы бар, құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі:

1) алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға;

2) мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша сексуалдық зорлық-зомбылық, адам саудасы, терроризм актісі құрбандарына не азаптауларға ұшыраған құрбандарға;

3) асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;

4) жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;

5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жеке тұлғаларға;

6) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы отбасыларға;

7) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық кірістері облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз адамдарға (отбасыларға) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.

ҚР ӘМ 28.09.2018 жылғы № 1462 бұйрығымен бекітілген Қағидасына сәйкес   Қағидасына сәйкес     адвокаттың бюджеттік қаражат есебінен адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтініші заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде келесі құжаттарды қоса бере отырып жасалады:

Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды жүргізу тізілім негізінде жасақталған адвокаттың құқықтық консультация беру бойынша орындаған жұмыстары туралы актілер, оларда:адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);тегін заң көмегі көрсетілген жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың деректері нөмірі, сериясы (ол бар болса) кім және қашан берген, қолданылу мерзімі не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, клиенттің жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректер;ауызша немесе жазбаша берілген заң консультацияларының саны;құқықтық сипатта жасалған жазбаша құжаттардың саны;заң көмегі көрсетілген сағаттың жалпы саны;адвокаттың қолтаңбасы көрсетіледі;тегін заң көмегі көрсетілген жеке тұлғаның қолы;

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығымен бекітілген  «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жеке тұлғаларға мына мәселелер бойынша төмендегі құжаттар көрсетіледі:

1) алименттер өндіріп алу – баланың (балалардың) туу туралы куәлігі, неке туралы немесе некені (ерлі-зайыптылық) бұзу туралы куәлік , ал егер бала (некесіз) туылған жағдайда, әке болуды анықтау туралы куәлік;

2) зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау– азаматтың жеке басын куәландыратын құжат, зейнеткер куәлігі, тиісті жәрдемақы алуға негіз болып табылатын құжат;

3) ақтау – сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ақтау немесе тоқтату немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтату фактісін растайтын немесе қылмыстық немесе әкімшілік іс бойынша өзге де заңсыз шешімдердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы процестік актінің көшірмесі;

4) босқын мәртебесін алу – ұлттық (азаматтық) паспорт және (немесе) босқын деп танылған азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттар;

5) қандас мәртебесін алу – өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің (болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттар қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен (туу туралы куәлік, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе этникалық қазақтар шыққан елдің арнайы органдарының басқа да ресми құжаттары және үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттар);

6) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар – құжаттардың көшірмелері қайтыс болу туралы куәлігік, ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айырылуына, хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген деп танылуына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне байланысты жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынан айыру туралы сот шешімі, бала тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде баланы тәрбиелеу немесе медициналық ұйымнан алудан бас тартуын растайтын құжат.

Мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша сексуалдық зорлық-зомбылық, адам саудасы, терроризм актісі құрбандарына не азаптауларға ұшыраған құрбандарға – мүліктік немесе моральдық зиян келтіру фактісін растайтын процестік актінің көшірмесі.

Асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға –қайтыс болу туралы куәлік.Жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға – өндірістегі жазатайым оқиға туралы акт, қылмыстық процесті жүргізуші органдардың қаулысы.Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес:

1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары беретін Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігі;

2) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері –әскери билет, қызметтегі әскерде болғанын растайтын анықтама;

3) мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер – әскери билет немесе уәкілетті орган беретін анықтама;

4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар – мүгедектік туралы анықтама;

5) жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын жеке тұлғаларға – зейнеткер куәлігі;

Л.ЖӘМИЕВА,

Облыстық Әділет департаментінің

құқықтық түсіндіру және

халыққа заңгерлік қызмет

көрсету бөлімінің  бас маманы 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<