Мемлекеттік бажды есепке алу және бюджеттен қайтару тәртібі

482

0

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік бажды есепке алу және бюджеттен қайтаруға қатысты келесіні түсіндіреді.

Бюджет кодексінің 49-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Респуюликасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік баж республикалық бюджетке есепке жазылады.

Мемлекеттік баждың қалған түрлері жергілікті бюджеттерге есепке алынады.

«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403 бұйрығына сәйкес мемлекеттік бажды төлеу үшін келесі бюджеттік сыныптама кодтары бекітілген:

108125 БСК «Республикалық бюджетке төленетін мемлекеттік баж»;

108126 БСК «Жергілікті бюджетке төленетін мемлекеттік баж».

Осылайша, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін мемлекеттік баж БСК 108125 есепке жазылады, ал мемлекеттік баждың қалған түрлері БСК 108126 есепке жазылады.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 623-бабы 2 және 3 тармақтарымен мемлекеттік баж уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген жері бойынша есепке жатқызылатыны көзделген. Мемлекеттік баж сомаларын бюджетке төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүргізіледі.

Банк заңнамасына сәйкес төлемдерді бюджетке төлеу кезінде төлем құжатында міндетті түрде бенефециар – ақша алушыны көрсету көзделген. Мемлекеттік бажды төлеу кезінде төлем құжатында «Бенефециар» (ақша алушы) жолында уәкілетті мемлекеттік органның (заңдық мәні бар әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген кезде) орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органы көрсетіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<