Мемлекеттік грант – жаңа идеяға жол ашты

273

0

Фото: Қала әкімдігі

Кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарды қолдау үшін мемлекет тарапынан қайтарымсыз гранттар беру қарастырылған. Жыл басынан бері «Мансап» орталығы арқылы өзінің шағын бизнесін ашуға 520 қызылордалық өтінім беріп, грант ұтып алған.

Қайтарымсыз грантқа ие болғандардың бірі, көпбалалы ана – Салтанат Алмағанбетова. Кәсіпкер қалада баламасы жоқ жаңа қызмет түрін ұйымдастыру жобасы негізінде грант алып, сағаттық бала қарау орталығын ашты.

Бүгінде ата-аналардың көпшілігі бала күтуші қызметіне жүгінеді. Сондықтан бұл қызмет түрі қала тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие. Кәсіпкердің айтуынша, мұндай орталықтар басқа қалаларда бұрыннан бар. Осы тәжірибені қалаға алғаш болып енгізген кәсіпкер орталықта 10 бала күтушіні тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Негізгі талап – балалардың қауіпсіздігі.

Мемлекеттік грант - жаңа идеяға жол ашты
Мемлекеттік грант - жаңа идеяға жол ашты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<