Мемлекеттік кірістер органдарының мамандары марапатталды

159

0

Фото: ашық дереккөз

Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толып отыр. Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев Мемлекеттік кірістер саласының ардагерлері мен қызметкерлерін мерейлі мерекемен құттықтады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Салық және бюджет саласына түбегейлі реформа қажет. Соның арқасында мемлекет пен бизнестің арасында жаңа қоғамдық шарт жасалмақ. Осылайша, ұлттық табысты әділ бөлудің парасатты жолы қалыптасады» деп атап өтіп, нақты тапсырма жүктеген болатын. Бүгінгі таңда Мемлекеттік кірістер органдары цифрлық жүйеге көшіп, бюджет және салық саясатын жүйелі жүзеге асыруда. Осы ретте, Сырдария аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлері, елді мекендердегі салықшылар аудан экономикасының дамуына зор серпін беруде. Аудан бюджетінің артуында сала қызметкерлерінің еңбегі елеулі, – деді Талғат Мейрамханұлы.

Аудан әкімінің орынбасары Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлері мен сала ардагерін, салық мамандары мен төлеушілерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне 10 жыл төсбелгісімен, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Құрмет» грамотасымен және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.Өз кезегінде аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Нұрлан Нұрсейітов және сала ардагері Акима Досығұлова әріптестерін мерекемен құттықтап, ризашылықтарын жеткізді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<