Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тиімділігі

654

0

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілді.

Осы Қағидаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы не «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық органдарының архивтері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш береді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтиды.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Ақпараттық жүйелерде тиісті мәліметтер болмаған кезде, құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және құжаттарды қабылдаған күні ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжат нысанында (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы) ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің ААЖ) жібереді.

Мемлекеттік корпорация құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге оларды қабылдаған күні жеткізуді қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалармен көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбаған, қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың мәліметтері және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігі анықталған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беруге құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Көрсетілетін қызметті алушы 1940 жылдың 1 қаңтарында он алты жасқа толмаған адамға сұрау салу жіберген кезде, сұрау салынған адамның ата-анасының деректерін көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер бар болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау көрсетілетін қызметті алушы хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Құжаттар топтамасы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінің талаптарына сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті беруші 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде арнайы қоныс аударуға жіберілген адамдарды есепке алатын автоматтандырылмаған (қағаз жүзіндегі) картотекада, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің ААЖ-да сұрау салынған ақпаратқа іздеу жүргізуді жүзеге асырады.

 Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде сұрау салынған мәліметтерді анықтаған кезде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамалар және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін (бұдан әрі – архивтік анықтама) қағаз жеткізгіште қалыптастырады, оған басшының қолы қойылады және оны Мемлекеттік корпорацияға жібереді, мәлімет болмаған жағдайда жауап қағаз немесе электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті ұсынудың таңдалған әдісіне сәйкес жіберіледі.

Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға қағаз жеткізгіште архивтік анықтама, мәліметтер болмаған кезде –көрсетілетін қызметті алушы таңдаған мемлекеттік қызметті ұсынудың әдісіне сәйкес жауап қағаз немесе электрондық нысанда жіберіледі.

 Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметке көрсетілетін сұрау салуды қарау мәртебесі, сонымен қатар нәтижені алатын жердің орны және күні көрсетілген ақпарат «жеке кабинетке» жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін немесе қағаз жеткізгіштегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өткенге дейінгі бір күннен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияның филиалына жеткізуді қамтамасыз етеді.

Нәтижені беру көрсетілетін қызметті алушы таңдаған Мемлекеттік корпорацияның филиалы арқылы жеке басын куәландыратын құжатты немесе оның өкілінің нотариус бекіткен сенімхатты және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде жүзеге асырылады.

 Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет «бір өтініш» қағидаты бойынша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметпен (бұдан әрі – апостилі бар архивтік анықтама) бірге көрсетіледі.

 Апостилі бар архивтік анықтаманы ұсынғаны үшін көрсетілетін қызметті берушіден архивтік анықтаманың дайындығы туралы хабарламаны алғаннан кейін мемлекеттік баж салығы алынады.

 Апостилі бар архивтік анықтаманы алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюға өтініш береді.

Портал арқылы «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметті алу үшін электрондық өтініш берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы «бір өтініш» қағидаты бойынша қызметтің нәтижесін қағаз нысанда алу үшін порталда шетел мемлекетінің («бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну елі) атауын және Мемлекеттік корпорация филиалын қосымша таңдайды.

«Бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетіндер құрамына кіретін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу мерзімі 13 (он үш) жұмыс күнінен аспайды, оның ішінде:

Архивтік анықтаманы дайындау – 8 (сегіз) жұмыс күні;

апостилі бар архивтік анықтаманы дайындау – 5 (бес) жұмыс күні.

«Бір өтініш» қағидаты бойынша қызметті көрсету нәтижесі – қағаз жүзіндегі апостилі бар архивтік анықтама не оны көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Көрсетілетін қызметті берушінің ААЖ-сы істен шыққан, электрондық байланыс болмаған немесе хабарламаны жіберуге кедергі келтіретін басқа да мән-жайлар туындаған жағдайларда, ақпараттық жүйелерді алып жүруге және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) пайдалануға жауапты көрсетілетін қызметт берушінің уәкілетті бөлімшесі дереу техникалық істен шығудың туындауы анықталған кезден бастап 1 (бір) сағаттан кешіктірмей, көрсетілген себептерді анықтау және жою үшін шаралар қабылдайды (жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін).

Хабарламаларды жіберуді 1 (бір) сағаттан артық кешіктіруге әкеп соқтыратын әрбір жағдайды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлімшесінің ақпараттық жүйелерді алып жүруге және АКТ-ны пайдалануға жауапты орындаушысы арнайы журналда белгілейді.

 Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметті көрсету кезеңі туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Мемлекеттік корпорацияға және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

Бауыржан БИСЕНБАЕВ,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

Құқықтық статистика және арнайы есепке

 алу жөніндегі комитетінің Қызылорда

 облысы бойынша Басқармасының

қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты

 қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры,

 кіші әділет кеңесшісі  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<