Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тиімділігі

664

0

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру туралы мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілгені белгілі.

Осы Қағидаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдарымен көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы өтінішті электрондық нысанда осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында көрсетілген құжаттарды қоса ұсына отырып береді.

         Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да мәліметтер қамтылатын мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында мазмұндалған.

         Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

         Ақпараттық жүйелерде тиісті мәліметтер болмаған кезде, құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және құжаттарды қабылдаған күні ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжат нысанында (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы) ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің ААЖ) жібереді.

         Мемлекеттік корпорация құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге оларды қабылдаған күні жеткізуді қамтамасыз етеді.

         Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

         Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

         Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалармен көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбаған, қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың мәліметтері және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігі анықталған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беруге құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

         Көрсетілетін қызметті берушімен 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде арнайы қоныстандыруға жіберілген адамдарды есепке алудың автоматтандырылмаған (қағаз жүзіндегі) картотекасы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің ААЖ бойынша сұрау салынып отырған ақпаратты іздестіру жүзеге асырылады.

         Сұрау салынып отырған мәліметтер табылған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдарының архивтері шегінде архивтік анықтаманы және/немесе архивтік құжаттардың көшірмесін (бұдан әрі – архивтік анықтама) қағаз тасымалдағышта қалыптастырып, оған басшының қолы қойылады және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды, мәліметтер болмаған кезде – көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша жауап дайындалады.

         Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы жүгінген жағдайда, «жеке кабинетке» мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу орны және уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші қағаз тасымалдағышта нәтижені Мемлекеттік корпорацияның филиалына мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі өткенге дейінгі бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

         Нәтижені беру көрсетілетін қызметті алушы таңдаған Мемлекеттік корпорация филиалы арқылы жеке басты куәландыратын құжатты, не оның өкілі нотариалды түрде куәландырылған сенімхатты, жеке басты куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

         Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет «бір өтініш» қағидаты бойынша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметпен (бұдан әрі – апостилі бар архивтік анықтама) бірге көрсетіледі.

         Апостилі бар архивтік анықтаманы ұсынғаны үшін көрсетілетін қызметті берушіден архивтік анықтаманың дайындығы туралы хабарламаны алғаннан кейін мемлекеттік баж салығы алынады.

         Апостилі бар архивтік анықтаманы алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюға өтініш береді.

         Портал арқылы «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметті алу үшін электрондық өтініш берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы «бір өтініш» қағидаты бойынша қызметтің нәтижесін қағаз нысанда алу үшін порталда шетел мемлекетінің («бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну елі) атауын және Мемлекеттік корпорация филиалын қосымша таңдайды.

         «Бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетіндер құрамына кіретін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу мерзімі 13 (он үш) жұмыс күнінен аспайды, оның ішінде:

         архивтік анықтаманы дайындау – 8 (сегіз) жұмыс күні;

         апостилі бар архивтік анықтаманы дайындау – 5 (бес) жұмыс күні.

         «Бір өтініш» қағидаты бойынша қызметті көрсету нәтижесі – қағаз жүзіндегі апостилі бар архивтік анықтама не оны көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

         Көрсетілетін қызметті берушінің ААЖ-сы істен шыққан, электрондық байланыс болмаған немесе хабарламаны жіберуге кедергі келтіретін басқа да мән-жайлар туындаған жағдайларда, ақпараттық жүйелерді алып жүруге және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) пайдалануға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлімшесі дереу техникалық істен шығудың туындауы анықталған кезден бастап 1 (бір) сағаттан кешіктірмей, көрсетілген себептерді анықтау және жою үшін шаралар қабылдайды (жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін).

         Хабарламаларды жіберуді 1 (бір) сағаттан артық кешіктіруге әкеп соқтыратын әрбір жағдайды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлімшесінің ақпараттық жүйелерді алып жүруге және АКТ-ны пайдалануға жауапты орындаушысы арнайы журналда белгілейді.

         Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметті көрсету кезеңі туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика

және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің

Қызылорда облысы бойынша Басқармасының

қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты

қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры,

 кіші әділет кеңесшісі  Бауыржан БИСЕНБАЕВ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<