Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы – Конституцияның 7 – бабында-елімізде қазақ тілі – мемлекеттік тіл болып табылады деп айтылған.
Қазақстанда тілдердің қолданылуын реттейтін құжат – 1997 жылы қабылданған «Тіл туралы» заң. Онда, мемлекеттік тіл – мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында әрекет ететін мемлекеттік басқару, заңнама, сот өндірісі және іс жүргізу тілі. Қазақ тілін меңгеру әрбір азаматтың парызы, ал тілдің өзі – қазақстандықтарды біріктірудің маңызды факторы болып табылады,-делінген.
Аталмыш заңның 4 бабында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі,-деп көрсетілген. Қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту еліміздің саясатының басты басымдығы болып қала береді.
Бүгінгі күні елімізде тілдердің үш тұғырлығы деген ұғым бар. Әлемдік өркениетке қадам басу үшін қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де жетік білуді талап етуде. Бірақ қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл ортақ тіліміз екенін ұмытпағанымыз жөн.
«Қызылорда облысы ТЖД-де іс қағаздар мен құжат айналым мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қажет болғанда немесе сұранысқа орай ғана ресми нұсқасы беріледі. Департаментте жалпы құжатайналым – 5056 құрады,бұл 2023 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 32,4%-ға көбейген (2023 жылы – 3820 құжат).
Департамент бастығының негізгі қызмет бойынша бұйрықтары-74. Жеке құрам бойынша бұйрықтар-215. Кеңестер хаттамалары-25. 2024 жылғы 7 айда Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментіне жеке және заңды тұлғалардан 88 өтініш келіп түсті.
Департамент тарапынан құжатайналымның тілінің мемлекеттік тілде жүргізілуі қатаң қадағаланады, бүгінгі таңда 100 пайыз қазақ тілінде жүргізіліп отыр, қажет болған жағдайда ресми тілге аударылып жолданады. Республика бойынша алғашқылардың бірі болып, құжатайналымды мемлекеттік тілге көшірген өңір ретінде 100 пайыз мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу Қызылорда облысы ТЖД-не де тән жағдай болып табылады»,-дейді Қызылорда облысы ТЖД Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобының тобының бас маманы Гүлжазира Есжанова.
Қызылорда облысы ТЖД Баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<