Мемлекеттік органдардың нормашығармашылық қызметі туралы

93

0

Еліміздің құқықтық мемлекет ретінде қалыптастырудың басты кепілі – нормашығармашылық қызметінің жоғары деңгейде болуы.

Мемлекеттік органдардың нормашығармашылық қызметі заңнамаларды жетілдірумен тығыз байланысты және заңнамалардың тиімді орындалуына тікелей қатысты. Жергілікті мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері ең алдымен Конституцияның және заң талаптарына сай болуы қажет. Ал, актілердің заң талаптарына сай болуын қамтамасыз етудің басты құралы – құқықтық мониторинг.

Нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізілу сапасы, анықталған кемшіліктер бойынша жедел шара қабылдауы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының басшыларының, заң бөлімдерінің қатаң бақылауында болуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және оның аумақтық органдарының негізгі қызметтерінің бірі – нормативтік құқықтық актілерді тұрақты талдау, ондағы қайшылықтарды анықтап, заңдарға сәйкестендіру шараларын қолдану.

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Респубикасы Заңының 50 – бабының 2- тармағында мемлекеттік органдар өздерi қабылдаған және (немесе) әзiрлеушiлері болған не өздерінің құзыретіне жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң мониторингiн жүзеге асырады және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдайды – делінген.

Бұл мемлекеттік органдардың өздерi қабылдаған немесе әзiрлеушi болып табылатын нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүзеге асыруға және оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақытылы қабылдау арқылы еліміздің Конституциясының және өзге де заңдарының нормаларын іске асыруды білдіреді.

Яғни, нормашығармашылық қызмет нәтижелерінің басты көрсеткіші – құқықтық маниторинг.

Н.Бодыбаев,

Қызылорда облысының

Әділет департаментінің бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<