Мемлекеттік қызметшілер саны қысқартылды

690

0

Биыл облыстағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны 3 345 бірлікті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 330 адамға қысқарды. Сондай-ақ, 2021 жылы әдеп жөніндегі кеңестің 12 отырысында 61 мәселе қаралған. Аталған мәселенің 19-ы тәртіптік іс болса, 42-і мемлекеттік орган басшылары мен профилактикалық бағыт турасында. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Берікбол Байхожаев хабарлады.


– 2021 жылы мемлекеттік қызмет саласында заңнаманың сақталуы бойынша 25 тексеріс жүргізіліп, 665 заң бұзушылық анықталды. Бұл бойынша тиісті құқықтық шаралар қаралды. Ал Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен он мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тәртіптік жазаға тартылғандар арасында 1 облыстық департамент басшысының орынбасары, 6 кент, ауылдық округ әкімдері, 2 аудандық дербес бөлім басшысы, 1 өзге де лауазымды тұлға бар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, былтыр Президенттік жастар кадр резервіне екінші рет іріктеу жүргізілген болатын. Резерв іріктеуіне еліміздің барлық аймағынан 8 638 азамат, ал Қызылорда облысынан 435 азамат қатысты. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Бірыңғай құқықтық оқыту» жобасы іске асырылды. Жобаның басты мақсаты – жиі құқық бұзушылық орын алатын салалар бойынша құзырлы мемлекеттік органдардың тізімі жасақталып, онлайн форматта 9 рет құқықтық оқыту өткізілді, – деді Берікбол Байхожаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<