Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында іс-шаралар тұрақты жүргізіледі.
Департамент пен қалалық басқармасының мемлекеттік қызметкерлерін Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты түзету мекемесіндегі жағдайларымен таныстыру жұмыстары жүргізілді.
Басты мақсат – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбйлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және оларды сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарымен таныстыру.
Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің бақылау-қадағалау қызметін атқаратын қызметкерлерін ұстау орындарындағы режиммен таныстырды.
Түзеу мекемелеріне бару тәжірибесі түрлі құқықбұзушылықтардың алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
Динара Жаңабергенова,
Қызылорда облысының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаментінің басшысы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<