Мемлекеттік қызметшілердің қызметте және қызметтен тыс уақыттағы негізгі мінез-құлық қағидалары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде айқындалған. Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік-моральдық бейнесін арттырады, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер арасындағы қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына ықпалын тигізеді, әдепсіз жағдайлардың алдын алуға әсер етеді.
Мемлекеттік қызметшілердің негізгі мінез-құлық стандарттарының айқындалуы, яғни адамгершілік, мораль сынды адами қасиеттер жемқорлыққа қарсы іс қимыл мәселесінде де маңызды фактор бола алады.
Кәсібилік пен әдептілік қосылып, мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді.
Осыған орай, әрбір мемлекеттік қызметші қойылып отырған талаптарды қатаң сақтай отырып, сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік оның азаматтық ұстанымына, ал адалдық пен сатылмаушылық оның мінез-құлық нормасына айналуы тиіс.
Әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұрады. Қызылорда облысының әділет департаментінде әдеп жөніндегі уәкілдің міндеті департамент басшысының орынбасары Ұзақбай Оразгелдіұлына жүктелген.
Әдеп жөніндегі уәкілмен мемлекеттік қызмет туралы заңдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп кодексі талаптарының сақталуы бойынша мемлекеттік қызметшілерге жеке консультативтік көмектер беріліп тұрады. Сонымен қатар, әдептілік нормаларын және мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру бағытында әдеп кодексі талаптарының орындалуын қадағалау мақсатында жеке қабылдаулар жүргізіледі. Аудандарға шығу арқылы ауданаралық әділет басқармаларының қызметкерлерімен әдеп кодексі талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл мәселелері бойынша әдеп жөніндегі уәкілмен әңгімелесулер өткізіліп отыр. Мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен семинарлар, кездесулер, түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып тұрады. Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тоқталып қалмайды, тұрақты жалғасын таба беретін болады. Себебі, мемлекеттік қызметте мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі маңызды орын алады. Ал, мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс.
Э.Әбдіхалықова,
облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы,
ҚР Заңгерлер одағы РҚБ-нің филиал мүшесі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<