Мемлекеттік қызметшілерге ең жиі сыйланатын сыйлық — шапан

469

0

Фото: ашық дереккөз

2023 жылы мемлекеттік қызметшілер мүлік және жекешелендіру комитетінің есебіне 278 бірлік сыйлық тапсырды. Олардың жалпы құны 2 млн 324 мың теңгеге бағаланды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Kazinform агенттігінің тілшісі жолдаған ресми сауал жауабында айтылған.

«Өткен жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де тұлғалар мүлік және жекешелендіру комитеті және аумақтық бөлімшелерге 278 сыйлық тапсырды», — деп хабарлады министрлік.

Оның ішінде кәдесыйлар, картиналар, ыдыс-аяқ, косметикалық және парфюмерлік өнімдер, кондитерлік өнімдер, кеңсе тауарлары, гүлдер, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, сыйлық сертификаттары, сағаттар, кітаптар, сөмкелер, портфельдер тағы басқа сый-сияпат болған.

Сыйлықтың жалпы құны — 2 млн 324 мың теңге.

«2023 жылы комитет есебіне қабылданған сый-сияпаттардың ең қымбаттары: шапан және бас киім — 207 мың теңге, PIQUADRO былғары портфелі — 180,2 мың теңге, Emporio Armani қолсағаты — 135,3 мың теңге», — дейді ведомстводан.

Сонымен қатар мәліметте мемлекеттік қызметшілер алған 123 сыйлық 840,2 мың теңгеге сатылғаны айтылған.

Биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша комитет есебіне 87 сыйлық түсті.

Бұған дейін былтыр мемлекетке қандай сый-сияпат жасалғанын хабарлаған едік. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<