Мемлекеттік қызметшілерге семинар өткізілді

879

0

Өңірдегі мемлекеттік қызметкерлерге арналған семинар-тренингтер жалғасын табуда. Бұл жолғы тренинг «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл шараларын ұйымдастыру әдістері» тақырыбына арналды. Дәріскерлер Республикалық «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорынан арнайы келді. Олар қатысушыларға өз тәжірибелерімен бөлісті.

«Ақниет» қоғамдық қорының бөлім басшысы Замир Төлешов діни экстремисттердің сипаттары әртүрлі екендігін және қоғамнан тыс қалып, теріс ағымның жетегіне ерген тұлғалар бірнеше кезеңнен өтеді дейді. Ол деструктивті діни ағым мүшелерін теологиялық тәлімді тәсілмен әлеуметтік ортаға қайта бейімдеудің жолдарын айтты. Ал, «Ақниет» қоғамдық қорының психология қызметінің меңгерушісі Шынар Наурызбаева теріс ағымның жетегіне ерген азаматтармен жұмыс жасау барысында мамандарға арналған кеңесін ұсынды.

Семинар-тренингтің екінші кезеңінде қатысушылар сұрақ-жауап алмасып, еркін форматта ойларын ортаға салатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<