Мемлекеттік рәміздер стандарттарына енгізілген өзгерістер

1192

0

Мемлекеттік рәміздер біздің Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы, Қазақстан халқының бірлігін, тұтастығын және азаматтық бірегейлігін бейнелейді. Осыған орай, азаматтарымыздың патриоттық сезімін білдіру мақсатында мемлекеттік рәміздерді пайдалануды кеңейтуді көздейтін заңнама мен нормативтік актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

ҚР СТ 988-2007 ұлттық стандарты «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Жалпы техникалық шарттар» және ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар», оған Мемлекеттік Елтаңбаның өндірісін жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Түс дизайнына қойылатын талаптар қайта қаралды, жүйенің құрылымы мен жылтырлығын ескере отырып, халықаралық Lab түс жүйесіне сәйкес түс сипаттамалары енгізілді, бұл алтын түске қол жеткізуге мүмкіндік берді, құрылымдық сызбалар да қайта қаралды, элементтерді модельдеу және Елтаңбаның үш өлшемді моделін құру үшін қажетті өлшемдер енгізілді, бұйым өлшемдерінің рұқсат етілген шегі енгізілді, ҚР СТ 989-2008-де жоқ барлық құраушы элементтердің атаулары берілді.

Сонымен қатар, 2018 жылы стандарттың бүкіл мәтіні бойынша латын графикасындағы «Қазақстан» деген сөздің «Qazaqstan» деп жазылуына қатысты өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және аккредиттеу комитеті төрағасының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 195-НҚ бұйрығымен ҚР СТ 1430-2005 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы салынған мөр. Техникалық талаптар» ұлттық стандартына өзгерістер енгізілді.

Өзгерістер мөрлердегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының көшірмелері туралы «Қазақстан» деген сөзді латын әліпбиінде – «Qazaqstan» деп көрсетуді көздейді. Соныменқатар, өзгертулер осы жазудықолданудыңнақтыпараметрлерінбелгілейді.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік рәміздерді өндіру лицензияланатын түр болып табылады, өйткені бұл өте жауапты қызмет және мемлекеттік бақылауға жатады.Қазіргі таңда Техникалық реттеу және метрология комитеті 64 кәсіпкерлік субъектісіне мемлекеттік рәміздерді дайындауға лицензия берген.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне ҚР Мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуын (белгіленуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асыру кіреді.

Қазіргі уақытта аймағымызда облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия жұмыс жасайды. Комиссияның тапсырмасы бойынша құрылған инспекциялық топ облыстағы мемелекеттік органдар, кәсіпорындар мен ұйымдарда Тудың, Елтаңбаның түсі, мөлшері, символизм элементтерінің пішіні мен бейнесі, Ту төсемінің тұтастығын бұзу, сондай-ақ оларды орналастыру бойынша бұзушылықтар және т.б. ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келмейтін анықтап, мемлекеттік рәміздер бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді.

Техникалық реттеу және

метрология комитетінің

Қызылорда облысы

бойынша департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<