Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті

755

0

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Күн тәртібінде мемлекеттік рәміздердің насихатталуы және қолданылу жай-күйіне облыстық инспекциялық топтың тексеру қорытындысы, облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердегі және Арал, Қазалы аудандарындағы мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуы жайында мәселелер қаралды.

-Мемлекеттік рәміздер–Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы әрі ажырамас бөлігі. Халқымыздың бірлігі мен тұтастығын, азаматтық бірегейлігін бейнелейтін атрибуттардың бірі. Сондықтан, әрбір азамат Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, қадірлеуге міндетті. Өздеріңіз білесіздер, облыстық инспекциялық топ жылына 2 рет рәміздердің пайдаланылуы мен қолданылуына зерделеу жұмыстарын жүргізіп келеді,-деді Нұрымбет Аманұлы.

Кеңесте облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов облыстық инспекциялық топтың аймақтағы 241мемлекеттік мекемеге зерделеу жұмыстарын жүргізгенін айтты.

Сондай-ақ облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерде мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуы мен насихатталу барысы туралы басқарма басшысының орынбасары Әзизбек Ізімбетов және Арал, Қазалы аудандарындағы мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуы бойынша аудан әкімінің орынбасарлары К.Бержанов, Д.Тлеумбетов баяндама жасады.

Жиын соңында отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар комиссия төрағасы Нұрымбет Аманұлы мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуын, қолданылуы мен орналастырылуын түсіндіру бойынша жаднамалар, инфограммалар, буклеттер, флаерлер әзірленуін және мемлекеттік рәміздердің стандартқа сай болуын қадағалап, оларды ауыстыру үшін мемлекеттік тапсырыс аясында уақытылы қаражаттың бөлінуі қажет екенін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті
Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<