Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 13-15 қыркүйекте Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Рим Папасы сапар аясында еліміздің жоғары басшылығымен кездеседі, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады деп жоспарланған.
Жаңа механизм әзірлеп жатыр
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынатын әлеуметтік тұрғын үйлердің конкурстық процедуралары оңтайландырылмақ. ҚР Премьер–Министрінің орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында осындай мәлімет келтірді.
«Мемлекет басшысы халықты қолжетімді баспанамен қамтып, әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін офтейк-келісім шарттар («кілтімен сатып алу») арқылы кредиттік баспана салып, оны мұқтаж азаматтарға 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының бағасымен сатып әперу механизмін енгізуді тапсырған болатын. Аталған механизмді іске асыру үшін «Тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері жөніндегі заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының аясында Үкіметтің қорытындысы әзірленіп жатыр. Ол қорытынды Бюджет кодексіне техникалық тұрғыда күрделі емес нысандар салуға қойылатын шектеулерді алып тастайтын түзетулер енгізуді көздейді. Бұл түзетулер «кілті мен берілетін» нысандарды бір ұйымның жобалап, салуына мүмкіндік беретін бір конкурстың аясында офтейк-келісім шарт жасауға мүмкіндік береді», – деп жазылған вице-премьердің жауабында.
Оның пайымынша, осының арқасында тұрғын үй салушылардың қолжетімді баспана жобаларын іске асыруға қызығушылығы артпақ. Конкурс жарияланған кезде техникалық ерекшеліктерімен бірге қажетті пәтерлердің өлшемдері мен саны көрсетіледі. Сондай-ақ, жер телімі мен жобалық-сметалық құжаттаманың, құрылыс-монтаж жұмыстарының құны бірге есептелген жалпы сомасы көрсетіледі. Сонымен бірге, құрылыстың сапасымен ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Е-Құрылыс» жүйесі кезең-кезеңмен іске қосылады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<