Мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барады

353

0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  21-22 желтоқсан күндері Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізіп, екіжақты іс-әрекеттің өзекті мәселелерін, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көлік-транзиттік ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылайды деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ олар өңірлік және халықаралық күн тәртібін қарастырады. Мемлекеттік сапар аясында бірқатар екіжақты шарт пен келісімге қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Halyk Bank басшыларын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Halyk қаржы тобының өкілдері Александр Павловпен және Үміт Шаяхметовамен кездесті.

Мемлекет басшысына банктің қазіргі қызметі, даму перспективалары, отандық бизнеске қолдау көрсету, Қазақстанның шет мемлекеттермен экономикалық және іскерлік байланыстарын кеңейтуде топтың әлеуетін пайдалану жөніндегі ұсыныстары баяндалды.

Банктің экономикадағы нақты секторды несиелендіруіне, цифрлық қызметтерді әзірлеу және енгізу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекетіне, сонымен қатар әлеуметтік жобаларды іске асыруына ерекше назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы тобының қызметіне оң баға берді. Бизнесті қолдаудың және Қазақстан экономикасын қаржыландыруды ынталандырудың өзектілігі мен стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<