Мемлекеттік сатып алу: атқарылған жұмыс сараланды

556

0

Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік сатып алу бағытында атқарылған жұмыстарды саралады. Жиында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Алтынай Қуандық атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді баяндады деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

2021 жылға облыс тапсырыс берушілерімен жалпы сомасы 88,8 млрд теңгеге 2722 сатып алу жос­парланған. Оның 42,4 млрд теңгені құрайтын 1294 сатып алуы жарияланып, аяқталған 154 сатып алу нәтижесімен 1,1 млрд теңге үнем­делген.

Жарияланған сатып алулар­дың 456-сы басқарма арқылы ұйымдастырылса, қала мен ау­дандардың бірыңғай ұйымдас­тырушылары тарапынан 648 сатып алу өткізіліп, қалған 190 сатып алу тапсырыс берушілермен дербес жүргізілуде.

Айту керек, барлық жарияланған конкурстардың ішінде заңнамада белгіленбеген біліктілік талаптарын қою, стандарттарды көр­сетпеу, жеткізу мерзімдерін бұзу себептерімен 9 конкурстың күші жойылған.

Қабылдауда Алтынай Қуандық­қызына мемлекеттік сатып алу­дың рәсімдік сатыларын ескере отырып, бюджет қаражатының уақытылы игерілуі үшін барлық жоспарланған сатып алудың жариялануын қамтамасыз ету тапсырылды. Сондай-ақ, саладағы негізгі мәселелерге қатысты мамандарды оқыту шараларын ұйымдастыру қажеттігі  айтылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<